A+ A A-

talgatzhan 2 5-10-2025, 18:10 0

Тарбағатай ауданында училище ұстаздарына құрмет көрсетілді

Бүгін / Тарбағатай

Оқу орны 1961 жылы құрылып, 1996 жылға дейін жұмыс істеді. 35 жыл ішінде 120-ға жуық ұстаз бен қызметкер еңбек етіп, шамамен 840 оқушыға білім берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұнда екі бағытта оқу жүргізілді: 8 айлық қысқа курс – тракторист, машинист секілді техникалық мамандықтар оқытылды және 3 жылдық толық курс – 8 сыныптан кейін қабылданып, 9–11 сыныпты тәмамдап, бір мезгілде мамандық алып шыққан.

- Училище түлектері тракторист, машинист, шопан, механизатор, газосварщик, құрылысшы, шофер, ағаш шебері сияқты ел игілігіне еңбек еткен кәсіби мамандар болды. Сол жылдары әр совхоз өзіне қажетті мамандарды осы училищеге жіберіп, шәкіртақы тағайындап, оқушыларды толық киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған. Биыл оқу орнының жабылғанына 29 жыл толды, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында. 

Мұғалімдер күні қарсаңында бұрынғы ұстаздар мен қызметкерлер бас қосып, жылы жүздесу өткізді. Іс-шара аясында өмірден өткен әріптестерге қатым түсіріліп, Мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы құттықтау сөз сөйлеп, тілек білдірді. Жиында аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың, білім бөлімінің басшысы Самал Нағызханқызының және Ақжар ауылының әкімі Ниязбеков Дәуітбектің атынан ұстаздар мен қызметкерлерге марапаттар, алғыс хаттар мен төсбелгілер табыс етілді. 

- Көп жылдардан кейін жүздескен ұстаздар мен түлектер бір-бірін сағыныспен қарсы алып, естеліктерімен бөлісті  Кездесу аясында қатысушылар ескі училище ғимаратына экскурсия жасап, жастық шақтың, еңбектің, ізденістің естеліктеріне қайта оралды. Қазір бұл ғимаратта қарттар үйі орналасқан. Бұдан кейін М.Әуезов мектебінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қазіргі жас ұрпақпен кәсіптік білім мен мамандық таңдаудың маңызы туралы ашық пікір алмасу өтті. Ұстаздар мен түлектер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берді, сұрақтарға жауап берді, - делінген аудан әкімдігінің мәліметінде. 

Кездесу соңында қатысушылар ауданда оқыту орталығын қайта ашу жөнінде ұсыныс білдіріп, бұл мәселені аудан және облыс әкімдеріне жолдау туралы шешім қабылдады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив