A+ A A-

talgatzhan 0 6-10-2025, 10:30 0

Тарбағатай ауданында Қарттар күні атап өтілді

Бүгін / Тарбағатай

Жаңаауыл ауылдық округінің әкімдігі “Аналар кеңесі”, “Қоғамдық ұйымы” және мәдениет қызыметкерлерімен бірлесіп, 1-қазан-Халықаралық Қарттар күніне орай “Қарттарым асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл күні ауылдың ардақты аталары мен ақ жаулықты аналары құрметке бөленді. 

Ұйымдастырушылар ұрпақ тәрбиелеп, елге сіңірген еңбегі үшін қарттарға алғыс айтты. Ал ақсақалдардың ақ батасы мен әжелердің тілегі жүректерге жылулық сыйлады. 

- Көздерінен мейірім төгіліп, сөздерінен өмірдің шежіресі төгілген кеш – үлкенге құрмет, кішіге өнеге. Қарттарымыздың амандығы – елдің ырысы, өмірлік тәжірибелері – баға жетпес байлық екенін тағы бір мәрте сезіндік, - дейді ұйымдастырушылар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив