ШҚО Футбол лигасы федерациясының ұйымдастыруымен Өскемен және облыс құрамалары арасында өткен 18-ші облыстық ашық чемпионатта тарбағатайлық спортшылар үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалпы додада 10 құрама өзара бақ сынасты.
- Чемпиондық атақ үшін күрес соңғы сәтке дейін жалғасып, шешуші ойында қайсар мінез танытқан жерлестеріміз 90 минуттық тартыста 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жанкүйерлерін зор қуанышқа бөледі, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.
Осылайша, аудан футболшылары «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік бомбардир» номинацияларына ие болды.
Енді ауданның командасы облыстың абсолютті чемпионы атағын алуды мақсат етіп отыр.
Пікірлер