Протозанов, 7 көшесіндегі облыстық аурухананың стационарлық бөлімшесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс жансақтау бөлімшесінің нысандарын заманауи санитарлық-техникалық талаптарға сәйкестендіруге бағытталған. Онда желдету жүйелері мен инженерлік желілер жаңартылып, ішкі схемасы өзгертілуде.
Бұрын тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қазір толығымен қалпаына келтірілуде.
- Бұл - медициналық көмектің сапасын арттыру және емделушілер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам. Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар.
Пікірлер