A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:50 0

Өскеменде жол апаты көбейді

Бүгін / Өскемен

Биыл облыс орталығында жол-көлік оқиғаларының саны 35 пайызға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 

Өскемен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол апатынан 1000-ға жуық адам зардап шеккен. 

- Жол-көлік оқиғаларының көбі күз-қыс айларында болады. Жүргізушілер ауа райын ескермей, қауіпсіз жылдамдықты таңдамайды. Жол апатына көлік жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Биыл жолды белгіленбеген жерден өтіп, екі адам көз жұмды. Өткен жылы бес жаяу жүргінші қайтыс болған еді, - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Сәттібаев. 

Қалада жазатайым оқиғаларды азайту жұмыстары жалғасуда. Жол кемшіліктерін анықтау бойынша 5 мыңнан астам есеп толтырылды. Тасжол сапасының төмендігі үшін 40-тан астам жауапты тұлға жауапқа тартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив