A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:10 0

ШҚО-да мектепке ақша жинауға бола ма?

Бүгін / ШҚО / Өзекті мәселе

Жаңа оқу жылы басталған уақытта ата-аналар арасында мектепке ақша жинау жайлы дау туындап жатады. Сыныпқа арналған құрал-жабдықтар, сыйлықтар мен гүлдер сатып алу - жиі қозғалатын тақырыптың бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Білім басқармасы мәліметінше, мемлекеттік мектептер мен балабақшалардағы ақша жинау заңсыз саналады. Бұл жөнінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары мен басқарманың қаржы жинауды шектеу туралы жыл сайынғы бұйрығында бекітілген.
- Мемлекеттік мектептерде оқу тегін». Мұғалімдер мен ата-аналар қолма-қол ақша жинап, өткізбеу керек. Оқу процесіне байланысты барлық шығын бюджет есебінен өтеледі, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек. 
Ата-аналар мектепке қолдау көрсеткісі келсе, заңды түрде көмектесе алады. Қаражат тек екінші деңгейлі банктерде ашылған арнайы демеушілік шоттарына ғана аударылады. Мұндай есепшоттар түгелдей дерлік мектеп мен балабақшада бар.
- Барлық түсім тіркеліп, қамқоршылық кеңес шығыстарды қадағалайды. Бұл ашықтыққа кепілдік беріп, қаржыны теріс мақсатта пайдалануды болдырмайды, - деді Алима Ақылбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив