18-19 қазан аралығында Жеңіс даңғылы мен Крылов көшелерінің арасындағы аулалар арқылы көлікпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Балабақша ғимаратының аумағындағы учаске (Чехов көшесі, 17) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.
Өйткені «СанТех-Спец-Ремонт» ЖК ақауы бар суық су құбырын ауыстырады.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 705 331 29 20 нөміріне хабарласуға болады.
Пікірлер