A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:40 0

Өскеменге ұшқан SCAT ұшағы Астанаға қайтуға мәжбүр болды

Бүгін / Өскемен

Өскеменге бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына мәжбүрлі түрде қайта оралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін SCAT әуе компаниясының Астана – Өскемен бағытындағы рейсін орындаған ұшақ елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжбүрлі түрде қайтуға Өскемендегі қою тұман себеп болған. Көріну қашықтығы 50 метрге дейін төмендеп, қауіпсіз қону талаптарына сай келмеген.

- Бұдан бөлек, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Астана әуежайында қызметтің ішкі регламентіне сәйкес уақытша шектеулер енгізілген. Ауа райы мен техникалық жағдайларды ескере отырып, ұшу уақыты 18:30-ға шегерілді, - деп жазылған хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив