Қазақстанда бір жыл ішінде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі арқылы 383 миллионнан астам қаптама өтті. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауға және нарықты контрафактілік (жалған) өнімдерден қорғауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Астанада өткен «Цифрлық таңбалау: нарықтың ашықтығы – экономикалық өсудің негізі» форумында Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы көмекшісі Тамара Дүйсенова мәлімдеді , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жүйені енгізу мемлекет, фармацевтикалық нарық пен дәріханалардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл өз кезегінде нарықтың ашықтығын арттырып, жалған өнімдердің пайда болу қаупін азайтуға мүмкіндік берген.
Соңғы бір жыл ішінде жүйе арқылы 383 миллион қаптама дәрі-дәрмек өтті. Оның 270 миллионы айналымға енгізілді, ал 100 мыңнан астамы нарықтан шығарылды. Бір жарым жыл ішінде біздің команда барлық тараптардың мүдделерін ескеретін келісімге келді. Халық сапалы әрі қауіпсіз өнімге қол жеткізуде, мемлекет сапалы дәрі-дәрмек сатып алады, ал өндірушілер мен жеткізушілер өз өнімінің сенімділігіне кепілдік береді. Бүгінде біз бірлескен жұмыстың нақты нәтижелерін көріп отырмыз, – деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ ол азаматтар тегін дәрі-дәрмекті енді тек емханалар жанындағы әлеуметтік дәріханалардан ғана емес, үйге жақын орналасқан дәріханалардан да ала алатын жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлады.
- Таңбалау жүйесіне қосылған дәріханалар жаңа жобаның алғашқы қатысушылары болады. Әрбір ұсынылған дәрі-дәрмек үшін олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМСҚ) арқылы өтемақы алады. Бұл оларға қосымша табыс әкеледі және фармсектордың жобаға қатысуын ынталандырады, – деп толықтырды ол.
Сонымен қатар вице-премьер әлеуметтік әмиян жүйесінің дамып жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда ол рецептімен берілетін дәрілерді бақылау құралы ретінде қолданылып келеді және болашақта дәріханалар үшін толыққанды монетарлық құралға айналмақ.
- Бүгінде әлеуметтік әмиян ақпараттық құрал ретінде жұмыс істейді, бірақ келесі жылдан бастап ол дәріханалардағы қаржылық есеп айырысу үшін де пайдаланылады. Бұл азаматтардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін кеңейтіп, денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал етеді, – деді Тамара Дүйсенова.
Пікірлер