Облыстағы сегізге жуық елді мекен әлі күнге дейін орталықтандырылған сумен 100% қамтылмаған. Аймақ бойынша орташа көрсеткіш 99,4%-ды құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Лесхоз ауданында орналасқан Комсомольское ауылы 2015 жылы Өскеменнің құрамына енгізілді. Жергілікті тұрғындар сегіз жылдан бері су құбырын күтіп отыр.
- Комсомольское ауылында 500-ге жуық адам тұрады. Сумен қамту жобасы былтыр басталып, қараша айының басында аяқталады деп жоспарлануда. Қазір нысан 96%-ға дайын, - деді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек.
Пікірлер