«Өскемен-1» теміржол стансасында вокзал ғимаратының құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1938 жылы салынған вокзал ғимараты бұзылып, қазір оның орнына екі қабатты жаңа ғимарат салынып жатыр.
- Қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде уақытша вокзал жұмыс істейді. Ол магистральдық желі дирекциясының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында орналасқан. Жолаушылар үшін 25 орындық күту залы ұйымдастырылды. Онда пойыздар кестесі теледидар, сағат және бағыттаушы көрсеткіштер бар, - делінген «Қазақстан темір жолы» АҚ ақпаратында.
Сондай-ақ бұл жерде анықтама бюросы мен билет кассасы да жұмыс істеп тұр.
Өскемендіктер жаңа вокзал ғимараты жыл соңына дейін салынып бітеді дегенге күмәнмен қарайды. Уақытша вокзалдағы күту залы жеткіліксіз деген пікірлер де бар.
Пікірлер