A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 20:30 0

Алмат Ақышовтың парақшасы қала әкімдерінің ішінде ТОП-5-ке енді

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов әлеуметтік желідегі танымалдық бойынша шаһар басшыларының ішінде ТОП-5-ке енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Stan.kz порталы жариялаған тізімге сәйкес, Алмат Ақышовтың Instagram парақшасына 25,4 мыңнан астам адам жазылған. Бұл көрсеткіш бойынша ол Қазақстандағы қала әкімдері арасында 4-орында тұр.
Instagram желісіндегі ең танымал қала әкімі — Шымкентті басқарып отырған Ғабит Сыздықбеков. Оның парақшасында 109 мыңнан астам жазылушы бар. Екінші орында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды (95,1 мың), үшінші орында — Астана әкімі Жеңіс Қасымбек (31,1 мың).
Алмат Ақышов өз парақшасында қаладағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы тұрақты ақпарат беріп отырады. Бұл тұрғындармен ашық диалог орнатуға және олардың ұсыныстары мен пікірлерін тікелей қабылдауға мүмкіндік беріп отыр.

Қымбат МУХАМАДИЕВА 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив