A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:00 0

Өскеменде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін / Өскемен

18 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Аврора көшесі, 181/3 мекенжайында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға 99230 әскери бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ көршілес ұйымдардың қызметкерлері мен аумаққа іргелес мекемелердің өкілдері белсене қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты – қала аумағын таза ұстау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоғамды қоршаған ортаны қорғауға шақыру.

Сенбілік барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазалап, шырша отырғызып, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүргізді.

 - Негізгі мақсатымыз – аумақты тазалау, көркейту және экологиялық мәдениетті арттыру. Тазалық – әр азаматтың борышы. Біз өз ісімізбен үлгі көрсетуге тиіспіз, – дейді 99230 әскери бөлімінің взвод командирі, лейтенант Думан Бақытжанұлы.

Мұндай игі шаралар қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоғамды экологиялық тазалықты сақтауға үндейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив