20 қазанда облыс аумағында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды күшейту, заңсыз аңшылық, балық аулау және ағаш дайындау фактілерінің алдын алу және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау органдарының өкілдерімен рейдтер жүргізіп, заңсыз аңшылықпен айналысатын аумақтар мен су айдындарын патрульдейді. Сондай-ақ, көлік құралдарын тексеріп, жануарлар өнімдерін қабылдау және сату орындарын бақылауға алады.
Браконьерлікпен күреске, заңсыз қару сақтау және пайдалану фактілерін анықтауға, табиғатқа және пайдалы қазбаларды қолдану саласында шығын болдырмауға назар аударылады.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды табиғатқа құрметпен қарауға шақырады және браконьерлік фактілері туралы дереу 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауға кеңес береді.
Пікірлер