A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:00 0

Аманжолов университетінде ШҚО-да қай мамандықтар сұранысқа ие екені анықталып жатыр

Бүгін / Өскемен

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде облыстың негізгі салалары бойынша форсайт-сессиялар өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz.

Аталған шара «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жобаның басты мақсаты – аймақта болатын болашақ мамандықтарын айқындап, еңбек нарығының даму бағыттарын болжау. Форсайт-сессияларға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Білім басқармасының басшысы, сала сарапшылары, жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысуда.

– Бүгінгі жиынның басты мақсаты сол, өңірде қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін анықтау. Сонымен қатар, заман талабына сай жасанды интеллект саласына қатысты жаңа бағыттарды педагогикалық мамандықтармен байланыстыру жоспарланып отыр. Осы бағытта өңірдегі ірі кәсіпорындармен бірлесе отырып, болашақта қандай мамандықтарға қажеттілік туындайтынын нақтылайтын боламыз, – деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Мамандардың айтуынша, сессия қорытындылары өңір бойынша кадрлар қажеттілігінің картасын әзірлеуге, аймақтың кадрлық сұранысын болжауға және еңбек нарығы мен білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге негіз болмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив