Бұл су құбыры желілері мен нысандарын дезинфекциялаумен байланысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Серебрянск қаласының және Жаңа Бұқтырма кентінің жылу-су орталығы" КМК мәліметінше, 23 қазан сағат 21:00-ден 24 қазан сағат 15:00-ге дейін су құбыры желілері мен нысандарында жоспарлы дезинфекция жүргізіледі.
- Осыған байланысты тұрғындардан ауызсу қорын алдын ала дайындап қою сұралады. Көрсетілген уақытта су құрамындағы хлор мөлшері жоғары болады, сондықтан оны ішуге болмайды. Ауыз су беру тоқтатылмайды, - делінген ақпаратта.
Пікірлер