Тәртіп сақшылары екі ер адамды бірнеше ірі қара мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлер ойларын бір схемамен жүзеге асырған.
- Олар ауыл сыртында жайылып жүрген малды ұрлап, сол жерде сойып, терісін сыпырып, етін бөлшектеген. Қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін күдіктілер екі көлік пайдаланған: бір күдікті алда отырып, жолда полиция жоқтығын тексеріп отырса, екіншісі етпен артынан келе жатып, патруль көліктерінің болмауын қарап, бір-бірін ескертіп отырған. Үйге оралғаннан кейін күдіктілер етті өңдеп, оны ауылдағы және қаладағы базарларда сатқан, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Жедел қызметкерлер оларды аулада малды бөліп жатқан сәтте ұстады. Тергеу барысында ұсталғандардың ірі қара мал ұрлығына қатысты төрт дерекке қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы — 2 млн 600 мың теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Пікірлер