A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:00 0

Елде сәби өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 20,2%-ға төмендеді — Үкімет

Бүгін / Республика

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалары шеңберінде Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты оң динамика байқалуда. Осы жылдың 1 қазанындағы көрсеткіштерге сәйкес, жалпы өлім-жітім 2,7%-ға, ал сәби өлімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,2%-ға төмендеген.

Елімізде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Ауруханалар, емханалар мен фельдшерлік-акушерлік пунктілер салынып, жаңартылып жатыр. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, олардың қатарында Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталық пен Шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Инфекциялық аурулар орталығы бар.

Биыл жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында көпбейінді аурухананың, Өскемен қаласында Гематология орталығының және Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында жедел жәрдем стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында бүгінде 601 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды. Биыл тағы 54 нысан құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар 32 аудандық аурухананы көпбейінді орталық аудандық аурухана деңгейіне дейін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде Ұлттық жоба басталғалы Қарағанды облысының Теміртау және Балқаш қалаларындағы, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы орталық ауруханалар, Абай облысының Үржар аудандық орталық ауруханасы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Шу, Меркі және Талас аудандық орталық ауруханалары мен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық орталық ауруханасы — барлығы сегіз аурухана көпбейінді етіп қайта ұйымдастырылды.

Қаңтар-қазан айлары аралығында денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жоспардағы 241 млрд теңгенің 214,8 млрд теңгесін немесе 89%-ын құрады.

Десе де ТМД елдерінің ішінде сәби өлімінің тіркелуі бойынша Қазақстан алдыңғы қатардан түспей келеді. Сәбидің дүниеге келу деректері өскенімен, олардың шетінеп кету көріністері көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Статистикаға шақсақ, бала туу көрсеткіші екі пайызға артса, тиісінше сәби өлімі бір пайызға көбейген. Бұл дерек елдің демографиялық ахуалын көрсетсе керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив