A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:20 0

Глубокое ауданында көпір қайта қалпына келтірілді

Бүгін / Глубокое

Черемшанка ауылында Черемшаночка өзенінің үстінен өтетін көпір жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының өтініші негізінде аудандық мәслихат депутаты Кеңес Омаровтың бастамасымен жүзеге асты.

Көпірді жөндеуге қажетті техника мен құрылыс материалдары бөлініп, жалпы құны 20 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қазір құрылыс толық аяқталып, көпір қайта пайдалануға берілді.

- Біздің басты міндетіміз – халықтың нақты сұранысына дер кезінде жауап беру. Черемшанка ауылындағы көпірдің жағдайы біраз жылдан бері тұрғындарды алаңдатып келген мәселе еді. Сол себепті оны қалпына келтіруді өзімнің тікелей бақылауыма алдым. Бүгінде көпір жаңарып, ауыл халқы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалды. Бұл – біздің тұрғындармен бірге атқарған ортақ еңбегіміздің нәтижесі, — деді депутат Кеңес Омаров.

Ауыл тұрғындары да игі іске ризашылықтарын білдіруде.

- Көп жылдан бері көпір арқылы жүру қауіпті болатын. Балаларымыз мектепке барғанда, қыста мұз, көктемде тасқыннан өту қиын еді. Қазір көпір толық жөнделіп, бәріміз үшін қауіпсіз болды. Депутатымызға және атсалысқан азаматтарға үлкен алғысымызды айтамыз, — деді ауыл тұрғыны Валентина Денисова.

Бұл игі іс — халық пен депутаттық корпустың тығыз байланысының айқын дәлелі. Әрбір ауылдың өмір сапасын жақсарту «AMANAT» партиясының басты басымдығы болып қала бермек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив