Семейде бес автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
20 қазан күні сағат шамамен 16:29-да Қаржаубайұлы көшесінде 60 жастағы жүргізуші HYUNDAI TUCSON маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамағандықтан, алдында тұрған NISSAN SKYLINE маркалы автокөлікпен (жүргізушісі – 41 жастағы әйел) соқтығысқан.
- Соқтығыс салдарынан TOYOTA CAMRY, HYUNDAI TUCSON, VOLKSWAGEN GOLF және KIA BONGO маркалы көліктердің қатысуымен тізбекті жол апаты болды.
HYUNDAI TUCSON және NISSAN SKYLINE автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктеріне материалдық залал келтірілді, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын және алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтауда.
Пікірлер