A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:45 0

ШҚО-да кәсіпорындардың бірі экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген

Бүгін / ШҚО

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаментінің мәліметінше, ШҚО Экология департаменті 15 қазанда «ВекторСолано» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде кәсіпорынның Алтай ауданындағы Октябрь ауылының маңында экологиялық рұқсатсыз асфальт-бетон зауыты мен ұсақтау қондырғыларын орнатып жатқаны анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары Өскемен қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 16 қыркүйегінде компания мемлекеттік инспекция және бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысына кедергі келтіргені үшін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив