A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 10:30 0

2027 жылға қарай қазақстандықтар түгел интернетке қосылады

Бүгін / Республика

2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 179 ауылдық елді мекен бар. Олардың 2606-сы магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылған. 663 ауылда жергілікті желі бар. 2026 жылдың соңына дейін тағы 3000-нан астам ауылды магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу көзделген. Нәтижесінде 2027 жылдың соңына қарай еліміздегі 4 786 ауылда оптикалық желі тікелей үйлерге дейін жеткізіледі, – деді министр.

Оның айтуынша, осылайша ауылдардың 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. 

Осы жобаларды жүзеге асыру үшін 2027 жылдың соңына дейін жалпы көлемі 323 млрд теңгені құрайтын инвестиция қарастырылған. 

- Ауылдардың қалған 10 пайызында ел халқының 1 пайыздан аз бөлігі тұрады. Мұндай елді мекендер интернетпен спутниктік технологиялар арқылы қамтамасыз етіледі. Қазір еліміздегі ауылдардың 84%-ында мобильді интернет бар. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Нәтижесінде, 4G желісі барлық елді мекендердің 92%-ына дейін жетеді, – деді Жаслан Мәдиев.

Бұдан басқа 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалаға енгізіліп, қалалардың 60-75% аумағын қамтитыныны туралы да айтылды. 40 000 шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Ведомство басшысы бұл жоба жеке инвесторды тарта отырып жүзеге асырылады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив