Облыс орталығында көлікті мас күйде басқарған жүргізушілер саны 20 пайызға кеміді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
.
- Жүргізушілердің тәртіп сақтайтыны байқалады. Биыл мас күйде көлік жүргізгені үшін 295 адам ұсталса, өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 376 болды, - деді Өскемен қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Сәттібаев.
Естеріңізге сала кетейік, көлікті мас күйінде басқарғандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Пікірлер