A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:00 0

ШҚО-да 600-ден астам үйге улы газды анықтайтын датчик орнатылады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс  әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, жылыту маусымында өңір бойынша тұрғындарға иіс тиюдің және жер үйлердегі өрттердің алдын алу үшін 54 мың адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықпен 55 кездесу өткізіліп, 11 мың жадынама таратылды. 

- Бүгінде Шығыс Қазақстанда жер үйлерде улы газды анықтайтын 17 мың датчик орнатылған. Тағы да осындай 625 құрылғыны орнату жоспарланып отыр. Осы датчиктердің арқасында 2023 жылдан бастап қазірге дейін 42 адам құтқарылды, - деді өңір басшысы.

Жыл басынан бері облыста 35 өрт шықса, оның ішінде 16-сы жер үйлерде болған. Былтыр және биыл иіс тиіп қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив