Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов ақын Серік Қуанғанды қабылдады. Ол жуырда дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ шебер айтысып, жұрттың көңілін сүйсінткені үшін «Айтыс ақтаңгері» медалімен марапатталды,
- Кілең сайдың тасындай іріктелген ақындардың айтысында өңір атынан өнер көрсетіп, жүлделі орын иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өскеменде өзіңіз ашқан айтыскерлер мектебінен мықты түлектер шығады деп сенемін. Ұстазынан оза шабатын шәкірттеріңіз көп болсын!, - деді облыс әкімі.
Серік Қуанған өз сөзінде айтыс кезінде шығысқазақстандық жайкүйерлердің үкілеген үмітін, демеуін шын сезінгенін айтып, әркез қолдау білдіріп келе жатқан облыс басшылығына алғысын білдірді.
Айта кетейік, «Айтыс ақтаңгері» атағы ел бойынша 9 ақынға берілсе, оның екеуі Шығыс Қазақстанның ақыны. Алдағы уақытта Серік Қуанғанға өңір тұрғындарының атынан автокөлік табыс етілмек.
Пікірлер