A+ A A-

talgatzhan 44 21-10-2025, 15:30 0

Шемонаиха ауданында кәсіпкерлерге 13,5 млн теңге несие берілді

Бүгін / Шемонаиха

Бұл жөнінде аудан әкімі Дидар Кеңесбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауданда қыс маусымына дайындық тыңғылықты. Биыл 43,6 мың тонна шөп (120%), 41,4 мың тонна сүрлем-шөп (100%), 12,3 мың тонна сабан (100%) және 98,8 мың тонна силос (150%) дайындалды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «ШемАгроКредит» несиелік серіктестігі арқылы «Кең дала», «Кең дала-2», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары шеңберінде 12 жоба бойынша 888 млн теңге несие берілді.

Бұдан бөлек, ауданда 2 200-ден астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Нәтижесінде 6 700-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылды. Жыл басынан бері кәсіпкерлер 45 млрд теңгенің өнімдері мен қызметтерін өндіріп, бюджетке 3,4 млрд теңге салық төледі.

Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 16 азамат кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Оның 9-ы 1,5 млн теңгенің грант иегері атанды. Жалпы грант көлемі – 13,5 млн теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив