A+ A A-

talgatzhan 74 21-10-2025, 16:30 0

Өскемендік оқушы Түркияда өтетін байқауға жолдама алды

Бүгін / Өскемен

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 "В" сынып оқушысы Бекжан Жанболатұлы “Жеті өнер жұлдыздары" атты X Республикалық шығармашылық байқауында "Аспаптық орындау" (фортепиано) номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас орындаушылар қатысты. Ол тәжірибе алмасу алаңы бола отырып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.
Сайысты  "Жеті өнер" шығармашылық орталығы ұйымдастырды. Қазылар алқасы Шығыс Қазақстаннан келген Бекжан Жанболатұлының өнерін жоғары бағалады. 
Байқау қорытындысы бойынша ол қараша айында Түркияда өтетін "Жеті өнер" халықаралық байқауына шақырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив