A+ A A-

talgatzhan 34 21-10-2025, 18:00 0

Өскеменде баспана алуға арналған тағы бір бағдарлама түсіндірілді

Бүгін / Өскемен

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі 

Іс-шара тұрғын үй құрылысын дамыту және құрылыс секторын мемлекеттік қолдау шараларына арналды. Брифинг барысында ҚТК өкілі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған құрылыс саласын қолдау тетіктерін таныстырды. Атап айтқанда, үлестік қатысуға кепілдік беру, кешенді және аз қабатты жобаларды қаржыландыру, сатып алу арқылы жалға беру мақсатында тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы туралы ақпарат берілді.

- Аймақтық құрылыс компаниялары үшін ұсынылатын мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, аумақтарды кешенді дамыту жобаларына қатысу және Бірыңғай оператордың кепілдіктерін алу тетіктері түсіндіріледі. Компаниямен өзара іс-қимыл рәсімдері homeportal.kz тұрғын үй порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады,- деді “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” АҚ  басқарушы директоры Елдан Алибеков

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив