A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 10:05 0

Өскеменде бір нөмірмен жүрген екі көлік анықталды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, бірінші көлікті 29 қыркүйек күні тоқтатқан. 

- Тәртіп сақшылары жүргізушінің куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал 21 қазан күні «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard полицейлердің назарына түсті. Тексеру кезінде көлік кузовының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтіні белгілі болды. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды, - делінген ресми ақпаратта. 

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, полицейлер құқық бұзушылықтың мән-жайын және екі көліктің иелерінің арасындағы байланысты тексеруде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив