Қалада қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Н.Назарбаев даңғылы, 8/1 мекенжайындағы тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие аумақта жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жаяу жүргіншілер аллеясын абаттандыру жұмыстары қолға алынды.
Жоба аясында жаяу жүргіншілер аймағын кеңейту, көлік қозғалысын реттеу және автотұрақ орындарын көбейту көзделген.
Сондай-ақ экологиялық талаптардың сақталуы басты назарда. Кесілген ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылып, барлық жасыл желек толық көлемде қалпына келтіріледі.
Жұмыстардың сапасы мен уақтылы орындалуы қатаң бақылауда.
Пікірлер