Қазір облыс орталығында жеке инвестиция есебінен 35 тұрғын үй кешені салынуда. Алайда үлескерлерден қаражат тартуға тек бес нысан бойынша ғана рұқсат бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдинов бес тұрғын үй кешені үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат алғанын атап өтті. Атап айтқанда, “Жаным” (“КЖК” АҚ кепілдік берген), “Золотой квадрат” (“ҚЖК” АҚ кепілдік берген), “Tumar Towers” (жергілікті атқарушы орган рұқсат берген), “Ainalaiyn” (жергілікті атқарушы орган рұқсат берген), “Orda” (жергілікті атқарушы орган рұқсат берген).
- Дегенмен бұл қалған нысандар заңсыз салынып жатыр деген сөз емес. Құрылыстың өзі заң талаптарына сәйкес жүргізілуі мүмкін. Тек үлескерлердің қаражатын тарту үшін арнайы рұқсат қажет, - деді Самат Қайырдинов.
Пікірлер