A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 10:55 0

ШҚО-да оқушылар арасында қандай аурулар жиі кездеседі?

Бүгін / ШҚО

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылында мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарманың ақпаратынша, былтыр 141 777 бала (86,3%) дәіргер тексеруінен өткен. Нәтижесінде 10 874 ауру анықталып, 1 734 бала бақылауға алынды.

Аймақтағы мектеп оқушылары арасында жиі кездесетін аурулар:

ас қорыту жүйесінің бұзылуы – 6400 жағдай;

көз аурулары – 1378 (миопия);

қан аурулары – 1236 (анемия);

эндокриндік бұзылулар – 413;

жүйке жүйесінің бұзылуы – 249;

қан айналымы жүйесінің бұзылуы – 81;

құлақ аурулары – 73.

- Балаларды профилактикалық тексеру жоспары мен қамтуы оқу жылына емес, күнтізбелік жылға сай белгіленеді. Қазір оқушылардың денсаулығын тексеру аяқталуға жақын, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив