A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 11:05 0

Өскеменде жеті тұрғын үй кешені пәтерлерді заңсыз жарнамалаған

Бүгін / Өскемен

ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы интернет ресурстарға мониторинг жүргізіп, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердің жарнамаланғанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарма басшысының орынбасары Самат Қайырдинов мәлім еткендей, жеті тұрғын үй кешені салынып жатқан пәтерлер туралы заңсыз жарнамаларды желіде орналастырған. 

Олардың ішінде «Muztau», «Park Line», «Grant Residence», «Asyl tay», «Riverside», «Renesans 3», «Viva Park» тұрғын үй кешендері бар. 

Қазір сәулет бөлімі қалалық прокуратурамен бірлесіп, жарнамаға тыйым салу туралы сотқа шағым түсіріп жатыр.

«Viva Park» тұрғын үй кешеніне қатысты бірінші инстанцияның ұйғарымымен пәтер сату және брондауға арналған жарнамаларға тыйым салынды.

«Muztau», «Park Line», «Grant Residence», «Renesans 3» тұрғын үй кешендеріне қатысты сот процестері жалғасуда.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив