Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Гүлназ Аймұханбетова «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл — жоғары кәсібиліктің, үздік әдістемелік шеберліктің және педагогикалық еңбектің лайықты бағалануы.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 24 қазанда Астана қаласында өтеді.
Пікірлер