Қаңтар-қыркүйек аралығында елде «Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бабы бойынша 168 400 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірлер бойынша Астана көш бастап тұр. Мұнда жыл басынан бері 17 100 факті тіркелді. Қостанай облысында 15 200, Алматы қаласында 14 200 құқық бұзушылық жасалды. Ең аз факті Ұлытау облысында (1500), Шымкентте (3900) және Жетісу облысында (4100) тіркелген. Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 8624 жағдайды құрады.
Осы ретте 160 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 148 200-іне әкімшілік айыппұл салынса, 12 500-і әкімшілік қамаққа алынды, тағы 37-сі қоғамдық жұмыстарға тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құраса, оның 934 млн теңгесі өндірілді.
Пікірлер