A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 12:05 0

ШҚО-да жыл басынан бері жол апатының саны 37,6%-ға артты

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, облыста аса ауыр қылмыстардың саны 55,6%-ға, ал қатты ауыр емес қылмыстар 11,5%-ға азайды. Қарақшылық, ұрлық, пәтер тонау, автокөлікті айдап кету деректері мен қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар саны қысқарды.

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,6%-ға артқан, алайда қаза болғандар саны азайған. ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жолдардағы патрульдеуді күшейтуді, нарядтардың санын арттыруды, патруль бағыттарын қайта қарауды және жол қозғалысын бақылауда цифрлық технологияларды, оның ішінде бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйелерін белсенді енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар өңірдің бас полицейі мал ұрлығына қарсы іс-қимылдың басым бағыт екенін атап өтті. Тәртіп сақшыларына азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және ашылуын арттыру мақсатында профилактикалық шаралар мен жедел іздестіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Алдағы уақытта есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, интернет-алаяқтықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес, көші-қон бақылауы жетілдірілмек. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив