2025 жылдың басынан бері елде 26,6 мың орынға арналған 303 жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын барлық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 5,5 мыңнан астам кеңес беру орталықтары жұмыс істейді.
«Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына негізделген ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Пилоттық жоба 20 қала мен 7 ауданда жүзеге асуда, оған 4,8 мың мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 671 мыңнан астам ваучер берілген. Нәтижесінде балабақша кезегі екі есеге жуық қысқарды.
Пікірлер