A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:25 0

Өскеменде жаңа мурал салынып жатыр

Бүгін / Өскемен

Арт-нысан Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне арналады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Қобда ауданына қарасты Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Мәскеу түбіндегі Вешняки ауылында орналасқан мергендерді даярлайтын орталық мектептің алғашқы жасақталған тобына алынады. 1943 жылдың шілдесінде 22-ші армияның 54-ші арнайы атқыштар бригадасында мерген болып, әскери қызметін бастайды. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 4 маусымдағы қаулысымен Әлия Молдағұловаға Кеңес одағының Батыры атағы берілді.

Батырдың бейнесі Протозанов пен Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйдің қасбетіне салынуда. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив