A+ A A-

talgatzhan 39 Кеше, 12:40 0

Өскеменде оқушыларға арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Бүгін / Өскемен

Республика күніне орай ШҚО Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Елдіктің берік тұғыры» атты танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, оларды Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалармен таныстыру және Республика күнінің мәнін кеңінен насихаттау. Бұл іс-шара жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға, елге деген құрмет пен мақтаныш сезімін оятуға бағытталды.
– Жиын барысында «Ашық микрофон» айдары ұйымдастырылды. Онда оқушыларға кезекпен сөз беріліп, белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойларын ашық айту мүмкіндігі ұсынылды. «Менің елім – менің болашағым» тақырыбында өз көзқарастарын еркін жеткізген балалардың белсенділігі қуантты, – деді ШҚО Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының қызметкері Жұпар Бітібаева.
Бұдан бөлек, викторина ұйымдастырылды. Онда қатысушылар Қазақстанның көрікті жерлері мен тарихи орындары туралы сұрақтарға жауап беріп, ел тарихына қатысты білімдерін шыңдады. Экран арқылы әсем табиғат пен ерекше аймақтар көрсетілді. 
– Викторина арқылы еліміздің көрікті жерлерімен және олардың тарихымен таныстық. «Ашық микрофон» айдарында Қазақстан туралы өз ойымызды ортаға салдық. Белгілі ақын-жазушылардың өлең шумақтарын жатқа айтуға мүмкіндік берілді. Мен Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып бердім, – деді Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектептің 10 сынып оқушысы Ислам Адайбек.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, танымдық басқосу жастардың тарихи санасын жаңғыртып, ұлттың рухани бірлігі мен болашаққа деген сенімін айқындайтын маңызды бастамалардың біріне айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив