Облыстық қан орталығының мәліметінше, акция 24 қазанда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қан тапсыру арқылы донорлар адам өмірін сақтап қалуға көмектесіп, игі іске өз үлесін қоса алады.
Акция Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Қан орталығында өтеді.
Қан тапсыру уақыты: сағат 8:30-дан 13:30-ға дейін. Қан қабылдау түскі үзіліссіз жүргізіледі.
Донорлар өздерімен бірге жеке куәлігін алып келу керек.
Қан орталығына келесі автобус бағыттарымен жетуге болады: № 17, 46, 26, 26А, 260.
Пікірлер