A+ A A-

talgatzhan 46 Кеше, 17:00 0

Тұрмыстық кредиттің ең жоғары жылдық мөлшерлемесі 40%-ке түсуі мүмкін

Бүгін / Республика

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында тұтыну несиесін арзандату бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тұтынушылық кредиттер бойынша шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56%-тен 46%-ке дейін төмендеттік. Енді оны 40%-ке дейін одан әрі төмендету қажеттілігі қосымша қарастырылып жатыр, — деді ол.

Ұлттық банк басшысы 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап банктер жеке тұлғалардың портфелі есебінен 2% мөлшерінде қосымша буфер жасауға міндеттелетінін айтты.

— Ол 460 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Осылайша, банктердің бөлшек несие портфелін күрт ұлғайтуға деген ынтасы азаяды. Бұл басқа шаралармен бірге банктерді корпоративтік сегментті неғұрлым көбірек несиелеуге ынталандырады, — деді Тимур Сүлейменов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив