"Қазгидромет" облыстық филиалының мәліметінше, 23 қазанда түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Мұндай метеожағдайларда көлік жүргізушілері аса мұқият болуы керек. Яғни жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтап, ал жаяу жүргіншілер жарақат алу ықтималдығын азайту үшін шаралар қабылдауы қажет, - делінген ШҚО ТЖД ақпаратында.
Дауыл туралы ескертулер туралы ақпаратты "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады.
Төтенше жағдай кезінде дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер