A+ A A-

talgatzhan 49 Кеше, 16:05 0

ШҚО-да 17 мыңға жуық тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген

Бүгін / ШҚО

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өңірдегі әлеуметтік қорғау саласының қазіргі жай-күйі талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыста әлеуметтік қорғау саласында 51 ұйым жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам маман еңбек етуде. Биылдан бастап аймақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді. Мұндай тәсіл қызмет сапасын арттырып, саладағы ашықтықты күшейтпек.

- Қазір өңір халқының саны 720 мыңнан асады. Оның ішінде, 141 мыңнан астамы зейнеткер, ал 28 мыңнан көбі мүгедектігі бар адамдар. Аймақта барлығы 17 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл өңірдегі экономикалық белсенді халықтың 4,6 пайызын құрайды, - деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсел Қасынқанқызы.

Айта кетейік, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 36 мекеменің 27-сі мемлекеттік, 9-ы үкіметтік емес ұйым саналады. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 10 медициналық-әлеуметтік мекеме бар. Биыл «Уба» шипажайында 3 866 адам сауықтыру шараларымен қамтылса, Грехово ауылындағы оңалту орталығында 788 адам емдеуден өткен.

Мамандар сөзінше, әлеуметтік саладағы жаңа жүйе қызмет сапасын арттырып, қоғамның әлжуаз топтарына қолдауды күшейтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив