ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде мүгедектігі бар азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір облыста олардың саны 28 244-ке жетті, оның 3 615-і – балалар. Биыл осы санаттағы адамдарды оңалту техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 4 млрд теңге бағытталды.
Айта кетейік, наурызда облыс орталығында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Мұнда 470 зейнеткер 19 шығармашылық және спорттық үйірмеге қатысып жүр.
Пікірлер