A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 19:30 0

Өскеменде меморандумдар аясында тұрғындарға көмір жеткізіліп жатыр

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігі мен «Қаражыра» компаниясы арасында биыл шілде айынан бастап жасалған меморандумға сәйкес бірнеше санаттағы тұрғындарға көмір жеткізуді қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімдік ақпаратынша, бұдан бөлек, көмір тұйықтарымен («ТКТ» ЖШС және «Сейком» ЖШС) қосымша көлемге қол қойылған меморандумға сәйкес, аумақтық басқару орталықтары «Шығыс Қазақстан өңірінің Ауғанстан ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, қатты отынды әлеуметтік осал топтарға тұрақты жеткізуді қамтамасыз етілуде.

- Бүгінде жалпы көлемі 11,6 мың тоннаға арналған 2324 өтінім қабылданып, оның ішінде 2219 өтінім орындалды. Тұрғындарға 11,2 мың тонна көмір жеткізілді, бұл жалпы өтінімдердің 96 пайызын құрайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы әлеуметтік баға бойынша 18,9 мың тонна көмірге өтінім түскен болатын, - делінген ақпаратта.
Әкімдік өкілдері қазір қаладағы көмір қоймалары мен жеткізушілер жұмысы тұрақты бақылауда екенін алға тартты.
- Көмір қорының жеткілікті болуы, жеткізу тұрақтылығы және тиеу уақтылығы қадағаланып отыр. Қабылданған шаралар нәтижесінде көмірмен тек әлеуметтік осал санаттағы отбасылар ғана емес, қала тұрғындарының барлығы дерлік үздіксіз қамтамасыз етіліп отыр, - деді әкімдік өкілдері.
Бұл бағыттағы жұмыс жылыту маусымы аяқталғанша жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив