A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:05 0

Қазақстандағы ең көп ұрланатын автокөліктердің тізімі жарияланды

Бүгін / Республика

2025 жылдың қыркүйек-тамыз айлары аралығындағы ресми мәліметке сай, автокөлік ұрлығы 70 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі автокөлік ұрлығы көп кездесетін аймақтарды да атады. Мұндай қылмыс Алматы және Қостанай облыстарында тіркеледі. Көш басында Алматы қаласы тұр.
– Барлық жасалған қылмыс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, күдіктілер ұсталды, ұрланған көліктер іздестіріліп жатыр, – делінген министрлік жауабында.
ІІМ дерегі осы жылы жасалған қылмыстардың 75 пайызы ашылғанын айғақтайды. Қазіргі уақытта 12 ұрланған көліктің орналасқан жерін анықтау бағытындағы шаралар жалғасуда. 
– Жиі ұрланатын көліктер қатарында Ресейде шығарылған автокөліктермен бірге Lexus, Toyota, KIA және BMW маркалары бар, – дейді ІІМ өкілдері.
Ал ведомство ұрлық санының біршама төмендеуіне бірнеше фактордың септігі тигенін нақтылады. 
– Бейнебақылау камераларының санының артуы, автокөліктердің заманауи GPS-навигация құралдарымен жабдықталуы, құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша азаматтар мен БАҚ арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, шекаралық бақылаудың күшеюі және жазаның бұлтартпастығы бар қылмыс санын едәуір азайтты, – деп ақпарат таратты министрлік. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив