Н.Назарбаев даңғылындағы "Валентина" сауда үйінің аумағында жаяу жүргіншілер қозғалысы өзгерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді Добролюбов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі жоқ. Бұл шешім Н.Назарбаев даңғылында жаңадан орнатылған бағдаршам іске қосылғаннан кейін қабылданды.
Айта кету керек, тротуарда "Жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады" деген белгілер бар. Алайда қала тұрғындарының сөзінше, белгілер тым жоғары орналасқан және қоршаулар жоқ. Сондықтан кейбірі әлі де жолдан өтіп жүр.
Пікірлер