Шаһар басшысы Алмат Ақышов ағаштарды кесуге қатысты пікірі білдіріп, жасыл желектерге зиян келтіруге қарсы екенін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкім аталған мәселені қатаң бақылауға алатынын жеткізді.
- Бұдан былай менің рұқсатымсыз немесе комиссия отырысынсыз бірде-бір ағаш кесілмейді. Қала онсыз да атмосфералық ауаның жағдайынан зардап шегіп жатыр, - деді ол.
Ағаштардың жай-күйіне жауап беретін қалалық ТҮКШ бөлімі құқық бұзушыларды үнемі қадағалап, анықтайды. ПИК бұтақтарды санитарлық кесуге рұқсат алып, ағаштарды тамырына дейін кескен жағдайлар кездескен. Бұдан бөлек, оның орнына жаңа ағаштар отырғызылмаған. Енді мұндай құқық бұзушылармен олар сот арқылы айналысып, айыппұл салынады.
Жыл басынан бері ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін 62 өтінім жіберілген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 53 есе көп.
Пікірлер