A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 15:15 0

Өскеменде қоныс аударушыларды қабылдау жалғасуда

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағдарламасы аясында қоныс аударушыларды қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы 59 адамға квота бөлінген. Биыл бұл бағдарлама бойынша 20 отбасы (60 адам) тіркелді. Олардың қатарында Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Жетісу облыстарынан, Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан көшіп келгендер бар.
Бағдарлама аясында: 14 отбасыға (43 адам) көшуге байланысты шығыстарды жабуға 11 835 320 теңге төленді, 9 отбасыға тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін өтемақы ретінде 1 592 460 теңге бөлінді, 14 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Қоныс аударушылардың бейімделуі мен жұмыспен қамтылуы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив