«Казцинк» пен ШҚО Экология департаменті арасындағы меморандум бойынша мамандардың металлургиялық алаң аумағына кедергісіз кіруі қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
23 қазанда экологтар кәсіпорынға барып, шығарындылар көздерін тексеріп, қажетті өлшеулер жүргізді.
Компания облыс әкімдігімен жасалған келісімге сәйкес ҚМЖ кезінде өндіріс көлемін азайтуда. Осылайша, металлургиялық кешен бойынша жалпы өнімділік 20%-ға төмендетілді, ал мырыш зауытында жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты қуаттылық 50%-ға дейін қысқартылды.
Пікірлер